Әли Ахмедов франциялық боксшы Пьер Дибомбені жеңді

Әли Ахмедов франциялық боксшы Пьер Дибомбені жеңді
Бокс

Ашық дереккөз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) Ирландия астанасы Дублинде өткен бокс кешінде франциялық Пьер Дибомбемен (22-2-1, 12 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

10 раундқа жоспарланған кездесудің үшінші раундында Әли қарсыласының ауыр соққысынан нокдаунға түсті. Алайда отандасымыз жекпе-жектің соңына дейін шаршы алаңда беленді қимылдап, он раундтың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды. Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой рингтегі 22-ші жеңісіне қол жеткізді.