Назым Қызайбайдың құрамаға қашан оралатыны белгілі болды

Назым Қызайбайдың құрамаға қашан оралатыны белгілі болды
Бокс

ҰОК

Әйелдер боксынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайдың командаға қашан оралатынын айтты. Бұл туралы Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

23 қазанда Қарағандыда басталатын республикалық «Мықтылар турнирінен» Назым тыс қалып отыр. Оған Париждегі жетістігінен кейін екі айға жуық демалыс берілген.

"Назым Қызайбай бұл турнирге қатыспайды. Ол ұлттық құрамамен бірге жаттығуға 6 қазан күні қосылады. Парижден келгеннен кейін қысқа мерзімге демалыс алған болатын", - деді Елдос Сайдалин Қазақпаратқа берген сұхбатында. 

Қарағандыда өтетін айтулы турнир әйелдер құрамасы үшін Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы ірі жарыс болмақ. Бұл сында 12 салмақ дәрежесінде үздік атанған боксшылар қараша айының соңында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына барады деп күтіліп отыр.