Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
Бокс
All Stars Boxing компаниясы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Хесус Кореа Пинто арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Жанқош жекпе-жекке дайындық кезінде жарақат алып, алдағы бокс кешінде өнер көрсете алмайтын болды.
«AllStarsBoxing кешінде Тұраров пен Пинто арасындағы жекпе-жек өтпейді. Себебі: Жанқош жарақат алды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Жанқош Тұраров - Хесус Кореа Пинто жекпе-жегі 28 қыркүйекте Алматыдағы бокс кешінде басты кард аясында өтуі тиіс болатын.