Түркістандық дзюдошылар ересектер арасындағы ел чемпионатында 3 медаль еншіледі

Түркістандық дзюдошылар ересектер арасындағы ел чемпионатында 3 медаль еншіледі
Дзюдо

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шымкент қаласында 18-21 қыркүйек күндері дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Татами төріндегі күрес додасына Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар 17 облыстан іріктелген 560 спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар 1 алтын, 2 қола медальға қол жеткізді. Жүлде салған спортшылар қатарында 78 келіде қарсылас шыдатпаған Ленгір қаласының тумасы Салтанат Ахметова алтыннан алқа тақса, 52 келіде Сымбат Тағабай мен 57 келіде өнер көрсеткен Аяулым Қалмұрза қос қола медальді облыс қоржынына салды.