Чемпиондықтан үмітті «Ақтөбе» мен «Ордабасы» басты қарсыластарына есе жіберді

Чемпиондықтан үмітті «Ақтөбе» мен «Ордабасы» басты қарсыластарына есе жіберді
Футбол

Ордабасы ФК

Чемпиондықтан үмітті «Ақтөбе» мен «Ордабасы» жағдайларын қиындатып алды. Алғашқысы қостанайлық «Тобылдан» 3:0 есебімен жеңілді. Ал «Ордабасы» өз алаңында «Астанаға» есе жіберді. Бұл туралы Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.  

«Ордабасы» мен «Астана» арасындағы кездесудің бірінші таймы 2:2 есебімен тең аяқталған. Екінші кезеңде жағдай өзгеріп кетті. Елордалық клуб тағы екі гол соғып, 4:2 есебімен матчты аяқтады. Енді «Астана» қалған жеті матчтың барлығын да жеңер болса, чемпион атанады.

Сондай-ақ «Елімай» Қарағандыда «Шахтердің» осал тұсын тауып, бірінші орынға шықты. Бірақ олардың «Астанадан» үш ойыны артық. Сонымен қатар бүгін «Тұран» Петропавлдың «Қызылжар» клубын жеңді. Кеше «Атырау» мен «Жеңіс» 2:1, «Қайрат» пен «Қайсар» 1:0 есебімен тарқасқан еді.