Қазақстан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездеседі

Қазақстан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездеседі
Футзал

ҚФФ

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Қазақстан Португалиямен ойнайды. Бұл туралы Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

2024 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы қарсыласымыз анықталды. Плей-офф кезеңінде әлем және Еуропа чемпионы – Португалия құрамасымен кездесеміз. Португалия Е тобында бірінші орын алды. Матч 26 қыркүйек күні Әндіжан әмбебап спорт кешенінде өтеді. Басталу уақыты – 20:00. 

Бұған дейінгі әлем чемпионатында Португалия чемпион болғанын айта кетейік.