Қазақстандық UFC файтерлеріне “батылдық жетіспейді”
Әлеуметтік желі
Қазақстандық ММА комментаторының бірі Арман Әбдірахман UFC-дегі қазақстандық файтерлердің ақпараттық белсенділігі төмен екенін атап өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
— Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлеріне батылдық жетіспейді. Ағылшын тілін білмесең де, өз тіліңде мәлімдеме жасап, оны аударуға болады. Ақпараттық себептер жасап, өзін-өзі жарнамалау қажет. Біз, журналистер мен блогерлер, UFC басшылығына дейін жеткізе алмаймыз. Бірақ Асу Алмабаевтың өзі Эрцегпен жекпе-жектің болмағанына қатысты пікір білдірсе, шетелдік басылымдар оны іліп әкетеді.
UFC-дің ірі инфлюенсерлерімен, мысалы, Ариэль Хельвани немесе MMA Junkie сияқты журналистермен сұхбат жасауға да болады. Олар үшін де бұл — контент. Ал Алмабаевқа аты шыққан қарсыластар керек. Ал Насименто кім? Біз оны тіпті танымаймыз. Әрине, мықты шығар, бірақ бірнеше жеңістен кейін дәл осындай қарсылас болмауы тиіс, — деді Әбдірахман.
Еске салайық, Асу Алмабаевтың Стив Эрцегпен (12-3) жекпе-жегі өтпейтін болды. Оның орнына Аллан Насименто қарсылас атанды. Айқас 2 наурызда UFC Vegas 103 турнирінде өтеді.