Али Ахмедов Қазақстанда WBC титулы үшін атақты қарсыласымен жекпе-жек өткізеді
UFC
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 KO) келесі жекпе-жегін 28 ақпанда өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ол Астанада өтетін бокс кешіне қатысады. Ұйымдастырушылар – All Stars Boxing промоутерлік компаниясы. Ахмедовтың қарсыласы танымал поляк боксшысы Мацей Сулецки (32-3, 12 KO) болады. Жекпе-жекте WBC Silver белбеуі сарапқа салынады.
Ахмедов 18 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында америкалық Малкольм Джонсты (17-5-1, 10 KO) екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Сулецки соңғы рет 31 тамызда Калифорниядағы Карсон қаласында америкалық Диего Пачекодан (23-0, 18 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңілген. Ол бұрын Деметриус Андраде, Габриэль Росадо, Дэниэл Джейкобс сынды боксшылармен жұдырықтасқан. 2019 жылы WBO әлем чемпионы атағы үшін Андрадемен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген.