Қазақстандық боксшы Али Ахмедов Астанадағы келесі жекпе-жегін жариялады
tapology.com
Белгілі қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) 28 ақпанда рингке қайта оралады. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі мәлімдеді. Әзірге оның қарсыласы туралы нақты ақпарат жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ахмедовтың соңғы жекпе-жегі 18 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатында өткен еді. Коммерс қаласында өткен кеште ол америкалық Малкольм Джонсты (17-5-1, 10 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Али Ахмедов бір кездері Геннадий Головкиннің командасында жаттығып, оның жекпе-жектерінің андеркардында өнер көрсеткен болатын. Алайда, жақында ол жаттықтырушылар құрамын өзгертіп, қазіргі уақытта Рики Фуньеспен жұмыс істеп жүр.
Сонымен қатар, Ахмедов промоутер Том Леффлермен әріптестігін жалғастыруда.