Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ливияны 4-1 есебімен жеңді

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ливияны 4-1 есебімен жеңді
Футзал

ҚФФ

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші турында Қазақстан құрамасы Ливияны 4-1 есебімен жеңді. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесудің 15-минутында қазақстандық футзалшы Ақжол Дәрібаев қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, құрамасын есепте алға шығарды. Араға екі минут салып Ливия сапынан Хамис таразы басын теңестірді. Алайда Қазақстан құрамасының ойыншылары тез жинақталып, әдемі комбинациялық шабуыл ұйымдастырды. Көп өтпей Біржан Оразов та көзге түсіп, таблодағы есепке өзгеріс енгізді. Ал, 18-минутта Жаһангир 3:1 есебін тіркеді. Ойынның нүктесін 35-минутта Альберт Ақбалықов қойды.

Айта кетейік, алғашқы турда Қазақстан құрамасы Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал, Ливия Жаңа Зеландияны 5:2 есебімен қапы қалдырды. Енді Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынды 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, Өзбекстандағы дүбірлі доп додасы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.