Бүгін Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталады

Бүгін Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталады
Футзал

ҰОК

Бүгін футзалдан Өзбекстанда әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.  Фавориттердің арасында Қазақстан құрамасы да бар. Рикардо Кака жаттықтыратын ұлттық құрама D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды. Алғашқы матч 15 қыркүйекте Испаниямен өтеді. 

Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында 14 ойыншы барады. Нақты тізімге 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы енді. Олар: Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор. 

Әлем чемпионаты бүгін Хорватия мен Таиланд арасындағы матчтан басталады. Қазақстан мен Испания арасындағы кездесу 15 қыркүйекте 17:30-да өтеді.