Елена Рыбакина тағы бір турнирге қатысудан бас тартты

Елена Рыбакина тағы бір турнирге қатысудан бас тартты
Теннис

ҚТФ

Бірқатар атақты теннисші, соның ішінде қазақстандық Елена Рыбакина Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтетін WTA 500 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Рыбакинамен қатар турнирдің қатысады делінген польшалық Ига Швентек (WTA рейтингінде 1-орын), америкалық Джессика Пегула (3-орын) және ұлыбританиялық Эмма Радукану (70-орын) да жарысқа қатысудан бас тартқан.