Анна Данилина cпорттық мансабындағы оныншы титулын жеңіп алды

Анна Данилина cпорттық мансабындағы оныншы титулын жеңіп алды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Мексикада өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Финалда қазақ-орыс спортшылары жұбы Оксана Калашникова (Грузия) мен Камилла Рахимованы 2:6, 7:5, 10:7 есебімен жеңді. Бұл - Аннаның WTA аясында өтетін турнирлердегі оныншы титулы.

Бұған дейін ол Сидней (WTA 500), Окленд (WTA 250), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250), Гданьск (WTA 250), Румыния (WTA 250) және Италия мен Парижде өткен WTA 125 санатында үш жарыста жеңді.