Попко Аустриядағы турнирде бразилиялық теннисшіге есе жіберді

Попко Аустриядағы турнирде бразилиялық теннисшіге есе жіберді
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бад-Вальтерсдорфте (Австрия) «Челленджер» сериясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан спортшысы кортта бразилиялық спортшы Тиаго Уайлдпен (әлемнің 96-шы ракеткасы) кездесіп, үш сетте 6:7, 6:2, 2:6 есебімен жеңілді. Екі сағат 29 минутқа созылған ойын 1/16 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 179-шы орында тұр.