Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде алғашқы ондыққа енді
Дзюдо
ҰОК
Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3 779 ұпай бар.
Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.