Қазақстан Премьер-лигасы: «Ақтөбе» жаңа бапкерімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Мақсат Шағирбаев/ Kazinform
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры мәресіне жетті. Бұл турда үздік үштікте келе жатқан ұпай жоғалтқан жоқ. «Ақтөбе» командасы өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткен аптада бас бапкер қызметіне тағайындалған украиналық маман Игорь Леонов алғашқы ойынында жеңіске жетті. Команда сапынан Фредди Гондлоа 36, Эстефано Жайро Жан 44-минутта гол соқса, 75-минутта Әлібек Қасым қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Ал, шымкенттік «Ордабасы» мен «Атырау» кездесуі тағдырын бір ғана гол шешті. Оны шымкенттік клубтан Асхат Тағыберген 22-минутта өзінің еншісіне жазды.
Қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірген «Ордабасы» үздік үштікті түйіндеп тұр.
Кездесуде «Елімай» 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Ал 14 қыркүйекте елордалық «Жеңіс» Қызылорданың «Қайсарын» 1:0, «Астана» петропавлдық «Қызылжарды», түркістандық «Тұран» Қарағандының «Шахтерін» 2:1 есебімен жеңді.