Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының супер финалында өнер көрсетеді

Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының супер финалында өнер көрсетеді
Спорттық ату

ҰОК

13-18 қазан аралығында Үндістан астанасы Делиде спорттық атудан әлем кубогі кезеңдерінің супер финалы өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған финалға стенд атудан Қазақстан құрамасы сапынан бір спортшы жолдама алды. Ол - Әсем Орынбай.

Орынбай стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша сынға түседі.

Айта кетелік, қазақстандық спортшы биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, Олимпиада төрінде Әсемге жүлделі орын бұйырған жоқ.