Алина Құдайгенова Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.

Алина Құдайгенова Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.
Бокс

ҰОК

Бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында кезекті жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында бір спортшымыз чемпион атанды. Атап айтар болсақ, 63 келіде бақ сынаған Алина Құдайгенова Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. 

Төрт спортшымыз финалда сүрініп, күміс медаль иеленсе, алты спортшымыз қола медальді қанағат тұтты.

Күміс жүлдегерлер:

48 келі. Айым Танкибаева

60 келі. София Ващенко

75 келі. Зарина Толыбай

+80 келі. Сабина Жақсылық

Қола жүлдегерлер:

46 келі. Мадира Жұмахан

52 келі. Жамиля Болатбекқызы

57 келі. Айғаным Қадырхан

66 келі. Айсұлу Мұхит

70 келі. Камила Оспанова

80 келі. Айдана Убайдұллақызы

Аға бапкер - Айбек Әбілда