Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Иранды ірі есеппен жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Иранды ірі есеппен жеңді
Футзал

Sports.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Ираннан 4:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Құрама сапынан Жахангир Рашит, Дуглас Жуниор, Ақжол Дәрібай, Шыңғыс Есенаманов көзге түсті. Ал, ирандықтар қарсылас қақпасына бір гол соқты.

Қос құрама 1 қыркүйекте тағы да бір ойын өткізеді. 

Еске сала кетейік, 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда әлем біріншілігі өтеді. Ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен бір топта өнер көрсетеді.