Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтіп жатыр
Баскетбол

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының орталығында баскетболдан жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнирі “Біз — нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bassport.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда. Турнирде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Наманган (Өзбекстан Республикасы), Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Жаңақорған және Сайрам аудандарынан жиналған жалпы 12 команда бақ сынап жатыр. Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Ғалымжан Хұдияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Айта кетейік, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары 17 тамызда анықталады.