Түркістан облысының құрамасы жасөспірімдер арасында жағажай волейболынан чемпион атанды

Түркістан облысының құрамасы жасөспірімдер арасында жағажай волейболынан чемпион атанды
Волейбол

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өскемен қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында ел чемпионатымен қатар ел кубогы сарапқа салынды, деп хабарлайды Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Дүбірлі додаға 2006-2007, 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының 2010 жылы туған құрамасы 1-орын иеленді. 2012-2013 жылы туған өрендер арасында да түркістандықтар алтыннан алқа тақты. Тартысты өткен сайыста 2006-2007 жылы туған жастар да қызыққа толы ойындар өткізді. Бұл сында түркістандықтар күміске қол созды. Сондай-ақ 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жарыста 2-орыннан көрінсе, 2012-2013 жылы туғандар арасында облыс спортшылары күміс медальді иеленді