Футзал: «Ордабасы» командасын бразилиялық маман жаттықтырады

Футзал: «Ордабасы» командасын бразилиялық маман жаттықтырады
Футзал

Futzalkazakhstan

МФК «Ордабасының» тізгінін Жозе Алесио ұстады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бразилиялық бапкер 2007 жылы алматылық «Қайрат» командасын жаттықтырған болатын. Алесио аталған клуб сапында бір жыл жұмыс істеді. 2014 жылы «Қайратқа» қайта оралып, Какаудың көмекшісі атанды. Араға бір жыл салып Қазақстан құрамасында Какаудың көмекшісі болды. 

2017 жылы Какау кеткеннен кейін Алесио команданы және құраманы жаттықтырды. Оның жетекшілігімен Қазақстан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Алайда аталған маман құрамада 6 ай ғана тұрақтады.

Жозе шымкенттік клубқа келмес бұрын  футзалдан Әзербайжан ұлттық құрамасын баптады.