«Тобылдың» экс ойыншысы ҚПЛ-ға оралудан бас тартты
Футбол
Тобыл ФК
Тобылдың экс ойыншысы Зоран Тошич ҚПЛ-ға оралудан бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы жазда 37 жастағы хавбекке Сербия, Грекия және Қазақстаннан ұсыныстар түскен. Бірақ ойыншы барлығын да кері қайтарған. Бірде-біреуі ойыншының көңілінен шақпапты.
Сербиялыққа әлі де ұсыныстар түсуде. Ол өзіне тамыз соңына дейін жаңа клуб таңдамақ.
Тошич грекиялық «Ламия» командасынан кеткелі бері еркін агент статусында жүр. Сербиялық ҚПЛ-да «Тобыл» сапында 2021-23 жылдар аралығында өнер көрсетті.
Ол 48 матчқа қатысып, 11 гол және 13 голдық пас берген. «Тобыл» сапында ол Қазақстан чемпионы және суперкубок иегері атанды.