Алматыдағы ЦСКА стадионының жасыл алаңы жаңартылды

Алматыдағы ЦСКА стадионының жасыл алаңы жаңартылды
Футбол

Olympicsports.kz

«Алаң» бағдарламасы арқылы Алматыдағы ЦСКА стадионындағы жасыл алаң жаңартылды, деп хабарлайды Bassport.kz. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Жаңартылған жасыл алаң. Алматыдағы ЦСКА стадионы балалардың пайдалануына берілді», - деді ҚФФ президенті.

Осы орайда айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы «Алаң» бағдарламасын іске қосып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі күйі кеткен стадиондар мен ойын алаңдарын қайта жаңғыртуды әлдеқашан бастап кеткен болатын. Бағдарлама жоспарына сәйкес, былтыр еліміздің төрт қаласындағы стадиондар жөндеуден өтіп, жаңа жабындылар төселді.

«Алаң» жобасының басты мақсаты – бұқаралық футболды дамытып, футбол инфрақұрылымын қалыпқа келтіру. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті билік, қалталы демеушілерден бөлек, Еуропа футболын біріктірген УЕФА-ның өзі қолдау көрсетуде. Ал, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы жобаның жылдам әрі сапалы түрде атқарылуына тікелей әсерін тигізуде. Бағдарлама 2023-2024 жылдар аралығында FIFA және UEFA-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.