Танымал баскетболшы Леброн Джеймс Париж Олимпиадасының жаңа трипл-дабл королі атанды

Танымал баскетболшы Леброн Джеймс Париж Олимпиадасының жаңа трипл-дабл королі атанды
Баскетбол

fiba.basketball

Леброн Джеймс төртжылдықтың басты додасы Париж Олимпиадасында ерекше жетістікке жетті. Бұл туралы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) мәлім етті, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

АҚШ құрамасының жұлдызы Леброн Джеймс Олимпиаданың жаңа трипл-дабл королі атанды. Баскетболшы мұндай нәтижеге жартылай финалда Сербияға қарсы ойында қол жеткізді. Бұл – оның Олимпиададағы екінші трипл-даблы. АҚШ құрамасы матчтың көп бөлігінде Сербия құрамасынан төмен болды, тек Стефен Карридің 36 ұпайы мен Леброн Джеймстің «трипл-даблы» оны сәтсіздіктен құтқарды. Нәтижесінде АҚШ құрамасы 95-91 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Леброн Джеймс 16 ұпай жинады. 39 жастағы Джеймс Александр Белов (КСРО) пен Лука Дончичпен қоса (Словения) Олимпиадада трипл-дабл жасаған үш ойыншының бірі болды.

– Мен үнемі агрессивті ойнауға тырысамын. Алаңда бар күшімді саламын және менің командам маған ерекше сенім артады, - деді танымал баскетболшы.