Қазақстан футболына 200 миллиард теңге, “Барыс” хоккей клубына 49 миллиард теңге бөлінгені белгілі болды
ФК “Астана”
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанда футболды дамытуға бөлінген қаражаттың көлемі мен оның жұмсалуына қатысты мәселелерді ашып айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Kaztag.kz сілтеме жасап.
Футболға бөлінген миллиардтар қайда жұмсалды?
Сарқұловтың айтуынша, Қазақстан футболына соңғы жылдары 200 миллиард теңге бөлінген, оның басым бөлігі шетелдік легионерлердің жалақысына жұмсалған.
«Астана» футбол клубы:
Соңғы алты жылда клубқа «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 50 миллиард теңге бөлінген. Оның 60-70%-ы легионерлердің жалақысына кетсе, инфрақұрылымдық жобаларға қаржы жеткілікті көлемде бөлінбеген. «Астана» клубында кәсіби база мен инфрақұрылым жоқ. Бұл сұрақтар көпшілікті алаңдатуда», — деді Саркұлов.
«Барыс» хоккей клубы:
Соңғы алты жылда бұл клубқа 49 миллиард теңге бөлінген, алайда негізгі қаражат легионерлердің жалақысына жұмсалып, инфрақұрылым салынбаған.
Ұлан Сарқұлов спортқа бөлінетін қаражаттың басым бөлігін балалар спортына бағыттау керектігін айтты:
«Балалар спортына басымдық беру керек. Тек сол кезде ғана болашақта кәсіби спортшыларды даярлауға мүмкіндік туады».