Қазақстан футболында легионерлерге салық енгізіледі

Қазақстан футболында легионерлерге салық енгізіледі
Футбол

QFL

Астанада Лига Кеңесінің отырысы өтіп, келесі маусымның негізгі жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (QFL) легионерлер бойынша лимитті қайта қарастыруды және әр ойынға 21 жастан кіші екі футболшыны міндетті түрде қосу ережесін енгізуді ұсынды.

Негізгі өзгерістер:

1. Легионерлер санының шектеуі:

— Командалар матчтық өтінімге 10 шетелдік ойыншыны ғана қоса алады.

— Қосымша екі легионерді қосу үшін әрқайсысына 40 миллион теңге төлеу қажет.

2. Жас ойыншыларды қолдау:

Жиналған қаражат арнайы жүлде қорына жіберіледі. Бұл қор 21 жасқа дейінгі ойыншыларды алаңға жиі шығарған командалар арасында бөлінеді. 

Бұл ұсынысты ҚФФ-ның Бас хатшысы Саян Хамитжанов және “Ордабасы” клубының президенті Асхат Сейсембек қолдады. “Ақтөбе”, “Қызылжар” және Ertis клубтарының өкілдері дауыс беруден бас тартты. “Қайрат” клубының бас директоры Аскар Есимов қарсы пікір білдірді.

Қазіргі ұсыныстар КФФ Атқарушы комитетінің мүшелерімен талқылауға жіберілді.