Анастасия Городко Қазақстанға Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін әкелді

Анастасия Городко Қазақстанға Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін әкелді
Басқа

ҰОК

Қазақстан құрамасының мүшесі, фристайл-могул шебері Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

 Городко финалдық кезеңде 79.79 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Күміс медальді жапониялық Харука Накао (76.29), ал қола жүлдені германиялық Ханна Виис (75.04) қанжығасына байлады. 

 Қазақстандық тағы бір спортшы Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. 

 Айта кетейік, бұл медаль Анастасия Городконың Универсиада-2025 додасындағы Қазақстан құрамасына сыйлаған алғашқы алтыны болды.