Қазақстандық дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады

Қазақстандық дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады
Дзюдо

ҚДФ

9 қаңтар күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылдың алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама спортшылары Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 19 қаңтарға дейін жаттығады.

Оқу-жаттығу жиынына барлығы 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр. Жаттығу жиынына Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Абужақынова, Grand Slam жарысының жеңімпазы Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері шақырту алған.