Париж-2024: Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Бокс
Владислав Семенов
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Валентина Хальзова Олимпиаданы алғашқы кездесуден соң аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Хальзова бірінші айналымда панамалық Атейла Байлонмен кездескен болатын.
Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші раундта төрешілер Атейлаға ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Соған қарамастан, бұл кезеңде де панамалық боксшы 4:1 есебімен ұтты.
Ал шешуші раунда Байлон тағы да 4:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Қазақстандық боксшы болса, жарысты аяқтады.