Кортқа жақын арада ораламын – Елена Рыбакина

Кортқа жақын арада ораламын – Елена Рыбакина
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлеріне бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші Париждегі Олимпиада ойындарында ұлттық құрама сапында өнер көрсете алмағанына өкінетінін жеткізді. 

«Командамен бірге дайындалдым, өкінішке қарай, жарыс басталар алдында ауырып қалдым. Мен температурамен жатып қалдым, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға тыйым салды. Қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміт пен сенім үшін кешірім сұрағым келеді. Қатты қапаландым, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсету үшін көп жұмыс жасағанмын және медаль жеңіп алғым келді. Соңғы рет Токиодағы Олимпиада ойындарында медаль алуға жақын болдым және бұл менің басты мақсатым болды. 
Осы ретте барлық отандасыма алғыс айтқым келеді. Өйткені әлемнің әр түкпірінде ойнаған сайын әрқашан үлкен қолдауды сезінемін және стадиондарда көк жалауымызды көріп, ерекше сезімде боламын. Жақын арада кортқа қайта ораламын», - деді Елена Рыбакина.