Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Дзюдо
Тұрар Қазанғапов
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz Ұлттық олимпадалық комитетке сілтеме жасап.
66 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуан ширек финалда татами иесі, франциялық Валид Хиярды жеңді. Валид екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері саналады.
Кездесу барысында шидо саны бойынша жеңіліп жатқан Қырғызбаев белдесу соңына қарай қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалында белдеседі.