Қазақстандық боксшылар Парижге аттанды

Қазақстандық боксшылар Парижге аттанды
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы

Париж Олимпиадасында қазақ жанкүйерлері медальдан басты үміт күтіп отырған былғары қолғап шеберлері Францияға аттанды, деп хабарлайды BasSport.kz Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта сынға түседі. 

Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.