22-23 маусымда Алматыда халықаралық Xxxiii Qosanov Memorial әлемдік Continental Tour Bronze Level сериясының турнирі өтеді

22-23 маусымда Алматыда халықаралық Xxxiii Qosanov Memorial әлемдік Continental Tour Bronze Level сериясының турнирі өтеді
Жеңіл атлетика

2024 жылы Ғұсман Қосанов мемориалына 17 елден 300 спортшы қатысады: Әзірбайжан, Қытай, Эфиопия, Грузия, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Малайзия, Филиппин, Катар, Сингапур, Таиланд, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан.

Спортшылар 25 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын ұтысқа салады, олимпиадалық лицензиялар мен әлемдік рейтингтік ұпайларды жинауда сайысқа түседі.

Жарыс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, SportQory, «Казцинк» компаниясы және Tassay қолдауымен өткізілуде.

Жарыс бағдарламасы qazathletics.kz сайтында жарияланады. Нәтижелерді нақты уақыт режимінде sport-online.kz сайтында көруге болады.

Өтетін орны: Алматы облысы, Бекзат Саттарханов көшесі, 105/1.