«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады
Футбол

Sport-express.ru

«Ордабасы» командасы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде молдавиялық «Петрокубтан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесудегі жеңісті голды алаң иелері сапынан Теодор Лунгу соқты. Ол ойынның 34-минутында мергендігімен көзге түсті. 
Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында өткен бірінші матчта екі команда 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. 

Шымкенттік клуб енді Конференция лигасында өнер көрсетеді. Аталған турнирдің екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық ұжым Люксембургтің «Дифферданж» футбол клубымен кездеседі.