«Астана» баскетбол командасы америкалық шабуылшымен келісімшарт жасасты

«Астана» баскетбол командасы америкалық шабуылшымен келісімшарт жасасты
Баскетбол

Astanabasket

«Астана» баскетбол клубы сапына америкалық ойыншы Галин Смит қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Галин 1998 жылы 29 желтоқсан күні Миссисипи штатының Клинтон қаласында дүниеге келген. Оның бойы - 204 сантиметр, салмағы - 107 кг. 

Смит бұған дейін Жоғары неміс Бундеслигасының «Крайлсхайм» клубы сапында өнер көрсеткен.