Аргентина Америка кубогының финалына шықты

Аргентина Америка кубогының финалына шықты
Футбол

Sport.ua

Америка кубогының жартылай финалдық кездесуінде Аргентина құрамасы Канаданы 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойындағы бірінші гол Хулиан Альварестің еншісіне жазылды. Шабуылшы 22-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал, Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 55-минутта ойынның нүктесін қойды. 

Осылайша, Аргентина құрамасы Америка кубогының 2024 жылғы алғашқы финалисі атанды. 

Енді Лионель Скалони футболшылары финалда Уругвай мен Колумбия арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.