Оралхан Өміртаев «Слуцк» командасынан кетті
Футбол
KazFootball.kz
25 жастағы қазақстандық футболшы Оралхан Өміртаев Беларусь біріншілігінде өнер көрсететін «Слуцк» командасынан кетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Келісімшарт екі жақтың келісімі бойынша бұзылды.
Айта кетейік, Оралхан «Слуцк» сапында 13 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі паспен көзге түсті.