Шымкентте еліміздегі ең үлкен стадионның іргетасы қаланды

Шымкентте еліміздегі ең үлкен стадионның іргетасы қаланды
Футбол

Kazinform

Шымкентте халықаралық стандарттаға сай ең үлкен стадионның іргетасы қаланды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аталмыш іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен бірқатар футболшы қатысты. 

35 мың көрерменге арналған спорт нысаны Бозарық - 2 шағынауданында бой көтермек. Биыл құрылысы басталатын аренаның аумағы – 21 гектарды құрайды.

Құрылыс 2026 жылдың ортасына дейін аяқталады деп жоспарланған.