Александр Шевченко Испаниядағы турнирде қарсыласына есе жіберді

Александр Шевченко Испаниядағы турнирде қарсыласына есе жіберді
Теннис

LiveResult

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мальорка АТР 250 сериясындағы турнирдің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

1/8 финалда Шевченко чилилік Александр Табиломен шеберлік байқасты. Отандасымыз қарсыласынан 3:6, 2:6 жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, Шевченко бірінші айналымда француз Констан Лестьеннен басым түскен болатын.