Елена Рыбакина жылдың ең көп табыс тапқан теннисшілерінің топ-10 қатарына енді
Теннис
AFP
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Sportico порталы жасаған рейтингте биыл ең көп табыс тапқан теннисшілердің үздік ондығы қатарына енді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы рейтингте тоғызыншы орын алды. Биыл ол 12.6 млн доллар табыс тапқан. Оның 8.6 миллионы турнирлердегі өнері үшін берілген сыйақы болса, 4 миллионы демеушілер келісімшартынан түскен пайда.
Рейтингте бірінші орында америкалық Кори Гауфф (31 млн доллар) болса, екінші орынға Арина Соболенко (30 млн доллар) жайғасты.