«Барыс» өз алаңында Ресейдің «Витязь» командасымен кездеседі

«Барыс» өз алаңында Ресейдің «Витязь» командасымен кездеседі
Хоккей

Барыс ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 28 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Ойын елорда уақытымен 15:00–дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 21 қыркүйекте «Барыс» аталған қарсыласынан (1:4) жеңіліп қалған еді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын Астанада өткізіп, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.