«5 қазанда сендерден келісімшарт күтемін»: Әлімханұлы чемпиондарға үндеу жасады

«5 қазанда сендерден келісімшарт күтемін»: Әлімханұлы чемпиондарға үндеу жасады
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

4 қазанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық қарсылас Андрей Михайловичке қарсы жекпе жек өткізеді. Боксшы осы кездесуде IBF және WBO тұжырымдары бойынша екі белбеуін де қорғайды. Әлімханұлы салмақ қуу кезіндегі сәтсіздігіне қарамастан өзі өнер көрсететін дивизиондағы басқа чемпиондарға үндеу тастады. 

«Мен тек 4 қазанға емес, чемпиондарға да дайындалып жатырмын. Олардың есімдерін ұмытып та кеттім. Орта салмақта чемпиондардан кім бар еді? Чемпиондар, 5 қазанда сендерден келісімшарт күтемін», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде.

Бұған дейін жекпе-жекте Әлімханұлының IBF атағы ғана қорғалатыны хабарланған болатын. Бірақ WBO Президенті Франциско "Пако" Валькарсель өзінің Twitter-дегі парақшасында WBO ұйымының белбеуі үшін де жұдырықтасатынын мәлімдеді.