Жетісайдың жас спортшылары марапатталды

Жетісайдың жас спортшылары марапатталды
Басқа

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісай ауданында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Ел ертеңі саналатын жастарды спортқа баулу мақсатында нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Жетісай спорт клубы» КММ бүгін 2023 – 2024 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық дәрежеде өткен дүбірлі додаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген жасөспірім спортшыларды марапаттап, сый-сияпат жасады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Аталмыш іс-шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, ауданның төбе биі, спорт ардагері Жахангир Айнабеков, «Алпамыс батыр», «Көк Түріктер қағанаты» республикалық қоғамдық қорларының Президенті, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, кәсәпкер-меценат Бауыржан Оңғарбаев пен «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, бапкерлер мен ата-аналар қатысты.

Аудан мерейін үстем етіп, өткізілген спорттық жарыстарда жүлдегер атанған саңлақ спортшыларды ұлықтау, жетістіктерін кейінгілерге үлгі ету мақсатында «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреевтің алғыс хаттары, «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының «Бекзат Саттарханов» атындағы медалі мен қор төрағасы Бауыржан Оңғараевтың арнайы қаржылай жүлделері табыс етілді.