Владимир Никитин «Барыс» хоккей клубының ойыншысы атанды

Владимир Никитин «Барыс» хоккей клубының ойыншысы атанды
Хоккей

hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубы ресми түрде Владимир Никитинмен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Елордалық хоккей клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық хоккейшінің клубпен келісімшарт мерзімі бір маусымға, яғни 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Владимир Никитин – «Барыс» БЖСМ түлегі. 2022-23 жылдар маусымында қазақстандық қақпашы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында «Снежные Барсы» құрамында дебюттік ойынын өткізді. Артынша «Барыс» жастар командасына қосылып, елордалық ұжымға Jastar Hokei Ligasy чемпионы атануға көмектесті. Сонымен қатар 2023 жылы оны «Оттава Сенаторз» ҰХЛ клубы драфтады.

Өткен маусымда Владимир ұлыбританиялық Колумбия Хоккей Лигасында өнер көрсететін «Чилливак Чифс» командасында өнер көрсетті. Оның аталған клуб сапында шайба соққанын да атап өте кетейік.

2023 жылдың желтоқсанында қақпашы бірінші дивизиондағы әлем чемпионаты қаһармандарының біріне айналды. Турнир қорытындысында Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға қайта оралып, Никитин үздік қақпашы деп танылды.