WASL: "Астана" соңғы ойында жеңілді

WASL:
Баскетбол

"Астана" баскетбол клубы Батыс Азия супер лигасының (WASL) топтық кезеңін жеңіліспен аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы ойын бейруттік "СК Сагесси" клубына қарсы өтті. Бірінші кезеңде ливандық команда 29:22 есебімен алға шықса, екінші кезеңде "Астана" ойыншылары басым болды. 21:23. Үшінші кезең біздің клуб үшін сәтсіз болды. Осы кезеңді "СК Сагесси" 17 ұпай айырмасымен аяқтады. Соңғы кезеңде қазақстандық ұжым барын салып ойнағанымен жеңіс үшін ол жеткіліксіз болды. Қорытынды есеп 103:89. 

"Астана" құрамынан жақында ғана клубқа қосылған - Шакур Джустон ең нәтижелі ойыншы атанды. Америкалық баскетболшы 25 ұпай жинады. 

Осылайша, "Астана" Батыс Азия супер лигасындағы өнерін аяқтады. Біздің команды өз тобында үшінші орын алып, ары қарай өте алм ады.