Әсем Орынбай стенд атудан Олимпиадаға жолдама алды

Әсем Орынбай стенд атудан Олимпиадаға жолдама алды
Спорттық ату

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Әсем Орынбай Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті, деп жазады Bassport.kz. 

Әсем жаңартылған әлемдік рейтинг бойынша жолдама алды. Ол рейтингтегі бірінші орынын сақтап қалды.

Айта кетелік, Әсем Орынбай "скит" бағдарламасы бойынша сынға түседі.

Бұған дейін Мария Дмитриенко мен Эдуард Ещенко олимпиадалық іріктеуден өтті.