Елордада садақ атудан Гран-при турнирі өтеді
Спорттық ату
ҰОК
30 қазан мен 4 қараша аралығында Астанада садақ атудан халықаралық Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
ҰОК-ның мәліметінше, биыл төртінші рет ұйымдастырылатын додаға Қазақстан мен алыс-жақын шетелдерден спортшылар қатысады.
Дәстүрлі бәсеке садақ ату спортының кеңінен таралуына үлкен үлес қосқан бапкер Светлана Лиді еске алуға арналады.
Сондай-ақ турнирдің басты мақсаты - балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында садақ ату спортының насихатын арттыру.