Қазақ дзюдошылары әлем чемпионатын тағы да ерте аяқтады

Қазақ дзюдошылары әлем чемпионатын тағы да ерте аяқтады
Дзюдо

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды, деп жазады Bassport.kz. 

Бүгін Әбу-Дабидегі әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) сынға түсті.

Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді.

Ал Токарева болса, бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунодоға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады. Біздің команда қоржынында Абиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола медаль ғана бар.