Рыбакина-Соболенко: Әйгілі қарсыластар Мадридте тағы жолығады

Рыбакина-Соболенко: Әйгілі қарсыластар Мадридте тағы жолығады
Теннис

Бүгін Астана уақытымен 00:30 шамасында қазақстандық Елена Рыбакина Мадридте белоруссиялық Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz.

Мадрид WTA-1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің екі үздік теннисшісі өзара мықтыны анықтайды. Рыбакина өз мансабында тұңғыш рет Мадридтегі турнирдің жартылай финалына жетті. 

Елена мен Арина тоғызыншы рет кездескелі отыр. Екі спортшы арасындағы өзара тартыста Соболенко 5:3 есебімен алда келеді.

Айта кетелік, биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA-500 турнирінде, Дубай (БАӘ) және Штутгарт (Германия) додасында топ жарды.

Сондай-ақ, Доха (Катар) мен Майамиде (АҚШ) өткен WTA-1000 санатындағы турнирлердің финалына шықты.